Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші қамауға алынды

Түркістанда көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасы ЖПҚ патрульдік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында, түнгі уақытта қала көшелерінің бірінен ВАЗ көлігін тоқтатты. Осы сәтте жүргізуші, яғни облыс орталығының тұрғынынан мас болу белгілері байқалды. Оны медициналық куәландыру да растады.

Сондай-ақ аталмыш жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде 2020 жылдың көктемінде мас халде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулік әкімшілік қамауға алынғаны белгілі болды. Алайда автокөлік жүргізушісі өзі үшін дұрыс қорытынды жасамай, ішімдік ішіп қайта рөлге отырды.  

Қазіргі таңда құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші қамауға алынды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру