Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада тергеушілер мен болашақ заңгерлер құқық бұзушылықтарды тергеу саласындағы өзгерістерді талқылады

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да ІІМ басшылығының, сот, құқық қорғау органдары, ғылыми қауымдастық өкілдерінің, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университеті заңгер-студенттерінің, сондай-ақ қашықтан полицияның аумақтық бөліністері тергеушілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуде тергеудің сапасын арттыруға және уақытты қысқартуға, тергеу әрекеттерін бюрократиядан арылтуға және қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет заңнамасындағы новеллар және 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен бірлесіп қамтамасыз ету тұжырымдамасы талқыланды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев енгізілген өзгерістердің мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Анықтама ретінде: 2023 жылғы 17 наурызда Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңына қол қойды, ІІМ аталған Заңды Президенттің тапсырмасы бойынша әзірлеген болатын.

Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізді, Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов оларды түсіндірді.

– Тергеушінің бейнежазбаға бекітуді жүргізу кезінде қысқа хаттаманы толтыру құқығын енгізу осы заңның новелласы саналады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін бейнежазбаға бекіту практикада кеңінен қолданылады. Тергеу әрекеттерін бейнежазбаға бекіткен кезде бейнематериалдың мазмұнын қайталай отырып, толық хаттама толтырылады.

Осындай тәсіл уақыт тұрғысында шығынды және бюрократияға салынған болып шығады. Осыған байланысты тергеу департаменті ҚПК-нің 199-бабына түзетуді ұсынды. Ол техникалық құралдардың қолданылуын, өткізу уақытын көрсететін, сондай-ақ алынған деректерді қысқаша баяндайтын қысқа хаттаманың толтырылуын көздейді. Ал тергеу әрекетінің егжей-тегжейі бейнежазбада сақталады.

Бұл процестік мерзімнің қысқартылуын қамтамасыз етеді. Норма әмбебап, практика үшін қолайлы редакцияда жазылған. Ол азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың деңгейін арттыруға, тергеу әрекеттерін жүргізу уақытын қысқартуға және бюрократиядан арылтуға бағытталады. Бұл ретте тергеуші немесе анықтаушы қысқа немесе қарапайым хаттаманы толтыру туралы шешімді істің мән-жайларына және техникалық мүмкіндіктерге қарай дербес қабылдайды, – деді Әділов.

Ұлттық заңнаманы БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы конвенциясына сәйкес келтіруге бағытталған Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ “Ұлттық ұлан туралы” Заңына өзгерістер туралы ҚАЖК төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтып берді.

Кездесу талқылау, сондай-ақ сұрақ-жауап түрінде жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру