Қарағанды облысында түнгі уақытта 100-ден астам жасөспірім ұсталды
Қарағанды облысында жыл басынан бері түнгі уақытта 100-ден астам жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу. Полиция қызметкерлері демалыс күндері кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Жыл басынан бері Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар арасында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша 100-ден астам құқық бұзушылық жасалды. Сондай-ақ инспекторлар ойын-сауық орталықтарында түнде болған 7 жасөспірімді анықтады. Оларға жауапты адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізілген. Қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Осылайша, полицейлер 101 қолайсыз отбасына барып, 83 кәмелетке толмағандарды тексерді. 26 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.