Түркістан полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктіні анықтады
Түркістан полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіттің тонау туралы арызы келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, қалалық саябақтардың бірінде оған белгісіз біреу шабуыл жасап, телефонын тартып алған. Ұрланған телефонның құны 100 мың теңгеден асады.
Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеп, күдіктіні іздестіру бойынша жедел шаралар қабылдады.
Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде «ізін суытпай» тонау қылмысына күдіктіні анықтады. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрланған телефон заңды иесіне қайтарылды. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады.