Павлодарда ұрлық фактісін ашқан полицейлерге тұрғын алғыс білдірді
Павлодарда ұрлық фактісін ашқан полицейлерге тұрғын алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласының тұрғыны Галина Николаевнадан алғыс хат келіп түсті.
Қала тұрғыны өз хатында пәтер ұрлығын жедел ашқан Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісі Зарина Дүйсентаеваға алғысын білдіреді.
– Жас тергеушіге полиция аға лейтенанты Дүйсентаева Зарина Қуатқызына ерекше назар аударғым келеді, ол өз жұмысына кәсіби тұрғыдан қарайды. 28 желтоқсан күні болған мүлкімді ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұры менің үйіме кіріп, мүлкімді ұрлап алғаннан кейін мен тыныштала алмадым және денсаулығыма байланысты проблемалар туындады, – деп жазды Галина Николаевна.
– Тергеушіден істің ашылғанын және ұры ұсталғанын естігеннен кейін, менің ұрланған мүлкім де табылды, мен қатты қуандым және бірден полиция бөліміне келдім. Мен әрқашан біздің полицияның кәсіби жұмыс істейтінін сенімді болатынмын. Енді менің мүлкім табылып, ұры ұсталғаннан кейін мен тынышталып денсаулығым жақсарды. Қазіргі уақытта тергеуші қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Полиция қызметкерлеріне денсаулық қызметтеріне табыс тілеймін, – деп жазады қала тұрғыны.