Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл полицейлері есірткінің ағзаға қалай әсер ететінін ойын арқылы көрсетті

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз политехникалық колледжінде “Нашақорлық – ғасыр дерті” тақырыбында семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ, “JANUIA medical center” ЖШС қызметкерлері қатысты.

Полицейлер жаңа синтетикалық есірткілерге адамның тәуелді болып қалатыны және ағзаға аса қауіптілігі туралы айтты. Спикерлер танымдық ойындар дайындап, оған оқушылар белсенді қатысты. Полиция қызметкерлері мен дәрігерлер манекенде есірткі заттарының адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететінін көрсетті.

Сондай-ақ балалар арнайы көзілдіріктің көмегімен алкогольдік ішімдік ішкен кезде қол мен аяқтың үйлесімділігі өзгеретініне көз жеткізе алды. Семинардың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту, сондай-ақ білім алушылардың нашақорлық мәселесі туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру