Жалған чекпен сауда қызметкерлерін алдаған ақмолалық екі тұрғын ұсталды
Ақмола полицейлері жалған чектердің көмегімен сауда қызметкерлерін алдау туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтар сенімді азаматтарды алдаудың жаңа схемаларын ойлап тауып жүр. Осындай тәсілдердің бірі-жалған чектер көрсету. Полиция азаматтарды мобильді қосымшалар арқылы қызметтер немесе тауарлар үшін төлем қабылданған жағдайда қырағы болуға шақырады.
12 ақпан күні Атбасар ауданының полиция бөліміне Атбасар қаласының 48 жастағы тұрғыны дүкенде белгісіз адамдар 3750 теңге сомасына азық-түлік үшін жалған чек көрсеткені туралы өтінішпен жүгінді. Кешке ақшаның жетіспеушілігін анықтаған сатушы полициядан көмек сұраған.
Бейнебақылау камераларының жазбалары, сондай-ақ «сатып алушылар» келген көліктің нөмірін есте сақтаған сатушының қырағылығы күдіктілердің жеке басын анықтауға көмектесті. Олар бұрын сотталмаған Атбасар ауданының 19 жастағы тұрғыны және оның досы – облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Жастар мобильді қосымшаны пайдаланып, ақша аударымы туралы жалған чек жасаған. Шын мәнінде, ешқандай аударым жасамаған, бірақ қажетті өнімді иемденген. Олардың олжасы энергетикалық сусындар, хот-догтар мен темекі болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 187-бабы, 1-бөлігі (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.