Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана: Байқоңыр ауданы ПБ тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті

Астана: Байқоңыр ауданы ПБ тұрғындар алдында есеп беру кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы полиция басқармасының бастығы Марат Абиров аудан тұрғындарының алдында есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуге Байқоңыр ауданының әкімдігі мен прокуратура өкілдері қатысты.

Ол өз сөзін өткен жылғы жедел іс-шаралардың қорытындысын айтудан бастады. Сондай-ақ аумақтағы қауіпсіздікті жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар қарастырылды. “Полицияның сервистік моделі” аясында халыққа сапалы және жедел қызмет көрсету, халықтың сеніміне бағдарланған критерийлер құру бойынша бірқатар шаралар атқарылып жатқаны айтылды.
2022 жылы ауданда тиісті бақылауды және қоғамдық тәртіпті сақтауға, дүрбелеңді бұзуға жол бермеуге мүмкіндік туды.

Қылмыстың алдын-алу саласындағы жүзеге асырылған шаралар барысында адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау сияқты қылмыстардың саны азайды.

18 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасы тұрмыстық саласындағы 601 жанжалқой да бар.

Бүгінгі таңда учаскелік инспекторлар заманауи коммуникациялардың арқасында ПИК, МИБ және белсенді тұрғындармен чаттар арқылы әрдайым байланыста.

Полиция қызметкерлерінің ПИК және аудан тұрғындарымен тығыз әрекеттесуінің арқасында өткен жылы мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді жауап беретін “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр.

Мас күйдегі қылмысты алдын-алу мақсатында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, мас күйде болған 1897 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, 166 азамат маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуі үшін Астана қаласының Наркология және психотерапия орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар 133 сауда нүктесінің иесі жауапкершілікке тартылды, сот шешімімен 112 лицензияның қолданылуы тоқтатылды, 10 шағын кәсіпкерлік субъектісі алкогольдік өнімдерді сату лицензиясынан айырылды.

Кездесу барысында полиция басқармасының бастығы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қосымша бағдаршамдарды орнату, көгалдандыру және т.б. мәселелер бойынша азаматтардан түскен барлық сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады. Тұрғы ндар полиция қызметкерлеріне азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойғаны үшін алғыстарын айтты.

Жиын соңында Марат Абиров барша азаматтарға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, ең бастысы азаматтардың құқық қорғау органдарына, қылмыспен күресу мен қоғамдық тәртіпті қорғауға деген сенімінің деңгейі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру