Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі ресурстарының 31 сілтемесін бұғаттады
Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі ресурстарының 31 сілтемесін бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ешкім нашақорлықтан сақтандырылмаған, бірақ белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар кесапаттың жақындарына тигенін күтпей, есірткі құқық бұзушылықтармен күресуге үлес қосады.
Еріктілер полицейлерге «Есірткі граффитиларды» бояуға көмектесіп келеді. Олардың белсенді көмегі Петропавл қаласының орталығын қауіпті жазулардан толығымен тазартуға көмектесті. Кезекті акция қарсаңында әлеуметтік желілерде қала тұрғындарын акцияны өткізуге жәрдемдесуге шақыру жарияланды. Пайдаланушылардың бірі фотосуретпен және жазудың орналасқан жерімен наркоресурстың жарнамасымен бөлісті. Еріктілер барлығы 15 есірткі граффитиін бояды.
– Жалпы жұртшылыққа жәрдемдесу есірткі құқық бұзушылықтардың жолын кесуде маңызды рөл атқарады. Адамдардың хабарламалары «есірткі салушыларды» ұстауға бірнеше рет ықпал етті, ал әуесқойлық бейнежазбалар қылмыстық іс жүргізуде дәлел болды. Сонымен қатар, қаңтар айында екі адам СҚО ПД ЕҚІҚБ Instagram-дағы аккаунтының direct-хабарламаларына және OLx.kz танымал сервистің «Есірткі салушылар» жиынтығы туралы ғаламтордағы хабарландыруларға сілтемелер жіберді. Оның әкімшілігі полициямен келісім бойынша жеңілдетілген тәртіпте заңсыз мазмұнды тез арада бұғаттайды, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Айта кетейік, ЕҚІҚБ қызметкерлері есірткі сатумен байланысты ресурстарды анықтау үшін интернет-кеңістікке тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бұл көбінесе – жалдау туралы «рекрутингтік» хабарландырулар. Жыл басынан бері ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне одан әрі бұғаттау үшін 31 сілтеме жіберілді.
Жыл басынан бері СҚО полицейлері 35 есірткі құқық бұзушылығын тіркеді. Заңсыз айналымнан 1 келіден астам есірткі алынды, оның ішінде 650 грамы — синтетикалық.