Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Браконьер» ЖПІШ барысында заңсыз құс аулау жайттары анықталды

Шымкентте «Браконьер» ЖПІШ барысында заңсыз құс аулау жайттары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Мәселен, 26-ақпан күні «Жабық базарға» заңсыз ауланған пайызторғайды алып келген 4 тұлға анықталып, әкімшілік шара қолданылды.

Заңсыз құс аулаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабының 1 бөлігімен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратын ескертеді.

Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 13-наурызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру