СҚО полицейлері қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетті
СҚО полицейлері қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсетті, -деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының соңында Чкалов — Тайынша автожолында Lada Kalina автокөлігі бұзылып қалған, ол автокөлікпен Ақжар ауданынан екі отбасылық жұп келе жатқан. Суық көлікте шамамен екі сағат отыру, олар үшін үлкен сынақ болған. Көлікті учаскелік инспектор Арман Ақмұлдаев байқап қалған. Ол бірінші кезекте әйел адамдарды жылыту үшін қызметтік көлікке отырғызған. Ол көлікті жылы боксқа орналастыруға көмектескен, онда Донецк ауылының тұрғыны Сергей Лупшанюкпен бірге оны жөндеген, – деп жазды кейінірек Ақжарлықтар Instagram-да.
Көкшетау қаласының тұрғыны одан да қауіпті жағдайға тап болған. 24 ақпан күні таңертең боран мен көктайғақ жағдайында Volkswagen Polo автокөлігін басқарған ол Қарағаш және Аймақ ауылдары арасындағы жолдағы кюветке ауып кеткен. Көлік шатыры арқылы аударылып, бір жағына тұрып қалған. Жүргізушіні қауіпсіздік белдігі сақтап қалды. Ер адам салоннан өздігінен шыға алмаған. Оқиға туралы белгі ТЖ қызметіне келіп түсіп, Тайынша аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне берілді. Бұл жерге учаскелік инспектор Руслан Бекболатов келді. Ол қатып қалған жүргізушіні босатып, Қарағашқа жеткізді, «Астық STEM» ЖШС басшылығымен ер адамды қызметкерлердің демалуы үшін үй-жайға жіберуге келісті. Таңертең ЖШС директорының м.а. Сергей Звольский трактор бөлді. Механизатор Қанат Қалымов шетелдік көлікті кюветтен шығарды.
Кейін алғыс білдірген жүргізуші учаскелік инспекторға ерекше ризашылық білдіру үшін СҚО полиция департаментіне қоңырау шалды.
– Ол менің өмірімді сақтап қалды. Уақытында келіп, мені көліктен шығарып, шай беріп, қонатын жерді қамтамасыз етті. Көлікті жөндеуге көмектесті, дөңгелекті ауыстырды, антифриз құйды. Бізде ол сияқты полиция қызметкерлерінің жұмыс істейтініне өте ризамын, — дейді көкшетаулық.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерден қыс мезгілінде ерекше сергек болуды, маршруттарды жоспарлауды, ауа-райы болжамдары мен көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауды сұрайды.