Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саранда өзгенің гаражын бұзып, ұрлық жасаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Саранда өзгенің гаражын бұзып, ішінен заттарын ұрлаған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саран қалалық полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші түнгілік уақытта белгісіз біреу өзіне тиесілі гараждың қабырғасын бұзып, ішінен аккумулятормен құрал-жабдықтарын ұрлап кеткені туралы хабарлады.

Оған келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Күдікті ұрлаған заттарды сатпақшы болғанын мойындады. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру