Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысының полицейлері балаларға жол жүру ережесін түсіндірді

Ұлытау облысы аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жедел-профилатикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жол-көлік апатынан жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын күшейту, балаларға жол ережесін үйрету мақсатында 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында облыс аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде жол және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беретін балалар ұйымдарының және оларға іргелес аумақтың орналасқан жерлерінде көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеріс жұмыстарының нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы органға анықталған кемшіліктерді жоюға 7 ұйғарым берілді. Сонымен қатар тәртіп сақшыларымен көше-жол желісінің жағдайларын жақсарту бойынша тиімді жұмыстар атқарылып, атап айтқанда 7 жол белгісі қайта орнатылды.

Полиция қызметкерлері білім беру мекемелерімен бірлесіп, жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде профилактикалық сабақтар, дәрістер өткізді. Іс-шараны өткізу кезеңінде 46 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде қиылыстардың өту ережелерін бұзғаны үшін – 9, жаяу жүргіншілер өткелдерінің өтуін бұзғаны үшін – 14, балаларды тасымалдау ережелерін бұзғандар – 5, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзған 18 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру