Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер есірткі тарататын арналардың жолын кесті

Қостанайлық полицейлер есірткі тарататын арналардың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қостанайдың 28 жасар тұрғынын ұстады, ол көппәтерлі үйлердің бірінде “синтетика” қалдырмақшы болған.

– Тінту жүргізу кезінде одан 119,46 грамм “а-PVP” есірткі психотроптық зат табылып, тәркіленді. Бұл аса ауыр салмақты құрайды, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Дүйсембай Байбосынов.

39 жастағы екінші күдіктіні полицейлер Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында ұстады. Көліктен салмағы 2 келіден асатын гашиш және 2 келі 194 грамм марихуана табылды. Есірткінің рюкзакта болғандығы белгілі болды.

– Алғашқы тергеу әрекеттері барысында күдіктінің есірткіні елдің оңтүстік өңірінде сатып алғаны анықталды. Әрі қарай ол Қостанай облысының аумағында есірткі сатуды жоспарлаған, – деді Дүйсембай Байбосынов.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұдан арғы жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру