Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жыл басынан бері ІІО-ға мыңға жуық жасөспірім жеткізілді

Жамбылда жыл басынан бері ІІО-ға мыңға жуық жасөспірім жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан полиция органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ оларға қатысты құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

Жергілікті пысықтау жұмыстары барысында ішкі істер органдарына 961 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 1456 заңды өкіл, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 667 ата-ана, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны үшін – 101 заңды өкіл, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін – 70 ата-ана және өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

123 жасөспірім және 45 тұрмысы нашар отбасы есепке қойылды, 9 заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды, 2 жасөспірім мамандандырылған мектепке жіберілді.

– Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу процесінде ішкі істер органдары өз күш-жігерін қылмысқа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ оларды жоюға бағыттайды. Полиция қызметкерлері, ата-аналар, мұғалімдер және басқа да мүдделі органдар бірлесе отырып жұмыс жасап, жасөспірімдерді дұрыс, заңға бағынатын жолға салуы тиіс, – деді ПД ЖПҚБ-нің ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Жалпы жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,5%-ға төмендеді. Сондай-ақ онша ауыр емес қылмыстар 100%-ға, ал кәмелетке толмағандар жасаған орташа ауырлықтағы қылмыстар саны 1/4%-ға азайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру