Көлік жүргізушісі әйелдер колониясына тыйым салынған заттар кіргізбек болған
Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемеге көлік жүргізушісі тыйым салынған заттар кіргізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме асханасына азық-түлік тасымалдау бойынша жұмыстарды орындау үшін Жауғашты кентінің №10 мекемесінде КамАЗ-5320 автокөлігінің жүргізушісі ауа фильтрінің және панель астына тыйым салынған заттарды тығып алып, оларды сотталғандарға пайдалану үшін кіргізбек болған. Алайда, мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен тиімді тексерудің арқасында мекемеге 2 SIM карта, көлемі 90 мл 20 этил спирті және 2 шыны кружкасы бар сыйлық қорабының кіруіне жол берілмеді.
– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп атап өтті мекеме бастығы Вилорий Ким.