Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның бас полицейі жеке құраммен кездесу өткізді

СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов Солтүстік Қазақстан полициясының ең ірі бөлімшесі — Петропавл қаласының полиция басқармасы және СҚО ПД аппаратының жеке құрамымен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері қатарында тәртіпті нығайту – ашықтық, қолжетімділік және халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу қағидаттарын іске асыру үшін жүргізілетін үлкен жұмыс шеңберіндегі негізгі міндеттердің бірі.

Аталмыш кездесулерге жедел қызметтердің, тергеу мен анықтаудың, патрульдік полицияның, сондай-ақ штабтың, көші-қонның, ақпараттандыру және байланыс және өзге де бөлімшелердің басшылығы мен жеке құрамы қатысты, өйткені тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу мәселелері барлығына бірдей қатысты.

– Погон тағып жүрген адамдарға зор сенім жүктелген. Құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік пен адамдардың тағдыры олардың кәсіби әрекеттеріне байланысты. Тіпті қызмет атқаруға қажетті жағдай жасап отырған мемлекеттік тұрақтылығы да байланысты. Полицейлер тұрақты жалақымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілген. Бұған жауап ретінде мемлекет заңдылықтың қатаң сақталуын және адамдардың заңды мүдделерін қорғау жөніндегі борыштың мүлтіксіз орындалуын күтеді, – деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.

Кездесулерде бейнероликтер көрсетілді, есепке алу-тіркеу және автокөлік тәртібін бұзудың нақты жағдайлары, тұрақты бейнебақылау талаптары және полиция қызметкерлері тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайларды болдырмауға бағытталған басқа да нормалар қарастырылды. Бөлімшелер басшылығына бұзушылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Аудандық полиция бөлімдерінде осындай кездесулер жалғасып жатыр.

Тәртіп сақшылары еске салады:

Полиция қызметкерлері тарапынан кез-келген заң бұзушылықтар туралы СҚО ПД ӨҚБ сенім телефонына хабарлауға болады: 8 (7152) 61-26-89; +7-700-161-26-89 (WhatsApp). Сондай-ақ 1402 “ҚР ІІМ Бірыңғай сенім телефоны” жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру