26 жастағы жігіт алматылықтарға арзан бағада ұн алып беруге уәде еткен
26 жастағы жігіт алматылықтарға арзан бағада ұн алып беруге уәде еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Болжам бойынша интернет арқылы әрекет еткен 26 жастағы Б.есімді азаматтың интернет-алаяқтықтың екі дерегіне қатысы бары анықталды.
– Нақтырақ айтсақ, ол алдын ала төлем талап ете отырып, арзан ұн сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Ақшаны алғаннан кейін қаскөй байланысқа шығуын тоқтатты. ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіні ұстау кезінде одан екі телефон тәркіленіп, олар айғақты зат ретінде қылмыстық іске тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша басқа да мән-жайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Ал тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 8-775-747-77-78; 8-705-555-77-63; 8-778-481-19-00; 8-708-707-92-02.
Полицейлердің мәліметінше, қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы мен ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.