Елорда тұрғыны тұрақта тұрған көліктен ұрлық жасаған
Елорда тұрғыны тұрақта тұрған көліктен ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде автомагнитолланы ұрлауға қатысы бар 33 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында қаскүнем түнде Мәскеу көшесінде жүргені анықталды. Автотұрақ бойында ол Opel Vectra көлігін байқаған. Есік тұтқасын тартып көріп, көліктің құлыпталмағанын білген. Содан салоннан автомагнитоланы қолды қылған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам өз ісін мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.