Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда компьютерлік клубта ұрлық жасаған күдікті анықталды

Павлодарда компьютерлік клубта ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық жедел уәкілдер джойстиктерді ұрлады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл оқиға Павлодар қаласында болған. Ер адам Қайырбаев көшесіндегі компьютерлік клубта жүргенде бақылап отырған ешкім жоқ екенін пайдаланып, үш джойстик ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жоғалған затты байқаған иесі полицияға жүгінді.

– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 31 жастағы павлодарлық болып шықты, одан ұрланған джойстиктер тәркіленді. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме – іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы қолданылды, – деді полиция қызметкерлері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру