Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Алматыда қоғамдық көлік жолаушысының телефонын қолды еткен күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін қалта ұрысы ұсталды. Ұрлық дерегі бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

– А. есімді азаматша қоғамдық көлікке жолаушы ретінде отырды. Көрші жолаушы ұйықтап қалғанда, ол білдірмей оның қалтасынан IPhone телефонын суырып алды. Жәбірленуші шығынды 350 мың теңгеге бағалаған. Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мобильді құрылғы тәркіленіп, айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті – 31 жаста. Қазір Тараз қаласынан келген азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру