Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында қашықтан қолжеткізу бағдарламасымен жасалған алаяқтықтың жаңа фактілері тіркелді

Ақмола облысында қашықтан қолжеткізу бағдарламасымен жасалған алаяқтықтың жаңа фактілері тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Целиноград аудандық полиция бөлімі жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынының өтініші бойынша алаяқтық фактісін тіркеді. 3 мамыр күні белгісіз адам АnyDesK қосымшасы арқылы алаяқтық жолмен ауыл тұрғынының 5 млн теңгесін иемденгені алдын ала анықталды.

Қашықтан қол жеткізу қосымшасын жүктеп, алаяқтарға алданып қалған Аршалы ауданының тұрғыны 4 мамырда полиция бөліміне жүгенді. Ер адам 160 мың теңгесінен айырылған.
Сонымен қатар 28 сәуір күні Шортанды ауданының тұрғыны да алаяқтардың қолынан зардап шеккен. Алаяқтар АnyDesK  қосымшасының көмегімен әйелден жарты миллион теңгеден астам ақша талап еткен.

Қазіргі уақытта жәбірленушілердің өтініштері тіркеліп, полицейлер күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары аймақ тұрғындарын сақ болуға және телефон арқылы белгісіз адамдардың нұсқауларын орындамауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру