Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер қалта ұрысын анықтады

Елордалық полицейлер қалта ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны “102” арнасына автобус салонынан ақша ұрланғаны туралы арызданды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қалта ұрлығын жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады.

Белгілі болғандай, ер адам кешкі уақыттағы қарбалас кезеңде Мәскеу көшесімен келе жатқан автобустың салонындағы жолаушының сөмкесінен ақшасы бар әмиянды алып шығып, көліктен шығып кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады. Оған қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға жеке мүлікті ұрлауды болдырмау үшін қырағы болуға кеңес береді. Қоғамдық көлікте болған кезде бағалы заттарды оңай және қол жетімді жерде сақтамаңыз.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру