Петропавл полициясының жас қызметкерлері ант қабылдады
Петропавл полициясының жас қызметкерлері Жеңіс күні қарсаңында ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкерлері – өңірдің ең ірі полиция бөлімшесі. Тәулік бойы қылмысқа қарсы күрестің және қоғамдық құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында. Мемлекеттік мерекелерге орай қалалық ПБ бастығы Ербол Тайбеков адал қызметі үшін «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен ПБ бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжановты, жедел басқару орталығының бастығы Қайырбек Баймонкеновты, ПБ бөлімшесінің бастығы Серік Аблатовты және полиция инспектор-кезекшісі Мейрам Тоқпаев марапатталды. Полиция департаменті бастығының грамотасымен уақытша ұстау изоляторының полицейі Мұрат Молдахметов марапатталды. СҚО ПД басшылығының алғыс хаттары учаскелік полиция инспекторы Дидар Қапаровқа және ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілі Қанат Фазыловқа табысталды. Сондай-ақ, «Бұрымды қыз» байқауына қатысқаны үшін әріптестерінің қошеметіне бөленіп, ПБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Камила Конваева алғыс хатпен марапатталды.
ПБ бастығының орынбасары Сағындық Теміреевтің айтуынша, арнайы 7 мамыр және 9 мамыр қарсаңында халыққа және мемлекетке қызмет етуге арналған салтанатты антты әртүрлі бөлімшелерден алты жас қызметкер қабылдады. Жеке құрам алдында Атымтай Аманжолов және қатардағы полиция қызметкерінің әкесі құттықтау сөз сөйледі.
Офицерлер мен сержанттар қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Ғазиз Есімов, Юрий Медведев, Алексей Щербаков ескерткіштеріне, сондай-ақ Ғазиз Байтасовтың мемориалдық тақтасына қалампыр гүлдері қойылды. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды, одан соң полицейлер қызмет атқару орындарына тарады; полиция қызметкерлері күшейтілген режимде мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті.