Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталған адамның өмірін құтқарып қалған пробация қызметкері марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен Мағжан Жұмабаев ауданның пробация қызметі бөлімінің инспекторы Ғалымжан Байбусин сотталғанның өмірін құтқарып қалғаны үшін “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетсек пробация қызметінің қызметкері Ғ.Қ.Байбусин учаскесінде тұратын сотталғандарға күнделікті қоңырау шалу кезінде есепте тұрған тұлғалардың бірі байланысқа шықпаған. Электрондық бақылау құралы арқылы орналасқан жерді анықтау да сәтсіз болған, себебі қуат деңгейі нөлге тең болды. Соңғы мәліметтер бойынша сотталған адам тұрғылықты жерінен ешқайда кетпеген.

Сотталған азамат тұратын мекенжайға келсе, есігі ішінен құлыптаулы болған.

– Үйден түтіннің өткір иісі шығып, терезеден көрінді. Терезедегі әйнекті сындырып, үйге кіргеннен кейін төсекте ес-түссіз жатқан сотталған адамды таптым. Оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін Булаев қаласындағы орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Кәсіби дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін ол есін жиды, – деді пробация қызметкері.

Белгілі болғандай, ұйықтар алдында сотталған адам темекі тұқылын пешке тастап, оның отын мен қағазға толы екенін байқамай қалған. Пеш жанып, оның жанында тұрған пластикалық зат ери бастады, соның салдарынан қою, улы түтін шыға бастады. Осылайша, Ғ.Байбусиннің қырағылығының және уақытылы көрсетілген алғашқы медициналық көмектің арқасында сотталған азамат құтқарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру