Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының үздік тергеушісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды

Түркістан облысының үздік тергеушісі «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаны нәзік болса да, талай қиын істерді соңына жеткізіп, ақ-қарасын ажыратуда абыройлы қызмет етіп жүрген облыстың үздік тергеушісі Алтынай Жолымбекованың еңбегі еленді. Ол ҚР ішкі істер министрінің қолынан ҚР Президентінің Жарлығымен берілетін «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

– Бұл марапат қызметімізді бұдан кейін де асқан құлшыныспен орындауға серпін берді. Қазақтан Республикасына қызмет етемін! Антқа адал болу – басты ұстанымым, – деді А.Жолымбекова.

Жалпы, тергеуші қызметі – шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Нақты дәйектерді жинақтап, қылмыскерді дәл анықтауда тергеушілердің алар орны ерекше. Олардың тергеу нәтижесінен полиция департаментінің жұмысы көрінеді. Ал Алтынай Жолымбекова осындай департаменттің абыройын асқақтатып жүрген тергеуші ару.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру