Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бөтеннің телефонын қолды еткен азамат ұсталды

Астанада бөтеннің телефонын қолды еткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға телефонның жоғалғаны туралы Біржан сал көшесіндегі елордалық қонақүй кешендерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінген.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұялы телефонды ұрлады деген күдікпен 29 жастағы жігітті анықтады. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Түнгі сағат 04:30 шамасында ер адам масаң күйде, қонақүйдің бірінші қабатында біреудің ұялы телефонының көзге түсетін жерде қараусыз жатқанын байқаған. Жақынырақ келіп, ол алдымен оның әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғын тексерген, содан кейін ресепшеннің жанына келіп отырған. Құны шамамен 140 мың теңге тұратын Huawei маркалы ұялы телефонды иемденіп, өзінің бөлмесіне қайта кіріп кеткен. Сондай-ақ күдікті ұрланған затты “Артем” СҮ ауданында бейтаныс адамға сатқаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға және бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру