Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер “АвтоСканНар” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен ұрланған көлікті анықтады

Жамбылдық полицейлер “АвтоСканНар” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен ұрланған көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 мамыр күні Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция бөліміне сағат 01:00 шамасында белгісіз тұлғаның Land Cruizer Prado маркалы автокөлігін ұрлап, белгісіз бағытқа кетіп жасырынғаны, сол арқылы жәбірленушіге 10 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені туралы хабарлама келіп түсті.Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Барлық полиция департаменттеріне көлік құралы туралы мәлімет көрсетілген бағдарлар жіберілді.

6 мамыр күні Жамбыл облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 350-шақырымында “АвтоСканНар” аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен ұрланған автокөлікті анықтады.

Автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқаруға тиісті құжаттарының болмағаны және автокөліктің Алматы қаласында ұрланған көлік есебінде тұрғаны, сондай-ақ іздеуде екендігі анықталды.

Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу үшін барлық материалдарды Алмалы ауданының полиция бөліміне тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру