Түркістан облысының тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді
Түркістан облысының тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы кезекті рейд кезінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтады. Оның үйіне тінту жүргізу барысында, қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды.
Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның кептірілген марихуана екені анықталды.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.