Ақмола полицейлері өткен айда жасалған қылмыстың бетін ашты
Ақмола полицейлері өткен айда жасалған қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 мамыр күні Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ақмол ауылының 51 жастағы тұрғынынан 30 наурызға қараған түні белгісіз тұлға оның Kaspi RED қосымшасы арқылы 140 мың теңгесін ысырап еткені туралы өтініш келіп түсті.
Ер адамның айғақтарына сәйкес, қылмыс күні ер адам мас болған, не болғанын және телефонды қалай жоғалтып алғаны есінде жоқ.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады, оның ұрлыққа қатысы қазіргі таңда тексеріліп жатыр.
Белгілі болғандай, ер адам телефонды өзі беріп, байқаусызда күдіктіге Kaspi RED-тің паролін көрсетіп қойған, ал күдікті осы мүмкіндікті пайдаланып, келесі күні қалаға келіп,
Kaspi RED-пен өзіне қажетті заттарды сатып алып, телефонды лақтырып жіберген.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімде тіркелді.
Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.