Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталды
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 мамыр мен 18 мамыр аралығында Алматы қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенімді арттыру, отбасындағы рөлді күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» науқаны өтіп жатыр.
– Біз әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету сияқты мақсаттарды көздеп отырмыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегін тоқтату және тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияның «102» телефон нөміріне, сондай-ақ «150» және «111» сенім телефондарына хабарласу қажет. Бұл күндері біз тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында, қызметтермен, байланыс арналары туралы хабардар ету мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық жұмысты, оның ішінде электронды билбордтар арқылы да күшейттік, – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларының байланыс телефондары:
Алматы қаласы ПД ЖПҚБ 254-4599;
Алатау ауданы: 227-5554;
Алмалы ауданы: 254-5302;
Әуезов ауданы: 298-5333;
Бостандық ауданы: 254-4732;
Жетісу ауданы: 254-4943;
Медеу ауданы: 254-4866;
Наурызбай ауданы: 254-4462;
Түрксіб ауданы: 298-5425.