СҚО полицейлері жастар арасында есірткіге қарсы челленджді бастады
Салауатты өмір салты – нашақорлыққа қарсы вакцина іспеттес. Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің 70 бірінші курс студенті құрдастарын спортпен шұғылдануға ынталандыру үшін жүгіруге шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіге қарсы челлендж аясында ұйымдастырды. Өткізу орны «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионы болды.
Көктемгі кросс қыздар үшін 500 метр, ал жігіттер үшін 1000 метрды құрады. Таза ауа, мамырдың жарқын күні, салауатты спорттық толқу – жас жүгірушілерге сергектік сыйлады және спорт өмірдің толықтығын сезінуге мүмкіндік беретінін еске салды. Колледж студенттері челленджді спорттағы дарынды балаларға арналған Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына тапсырды.
– Біз басқа да спорттық іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Жастар ортасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткізілетін түсіндіру жұмыстары да, спорттық мерекелер де «Есірткісіз болашаққа» деген ұранмен жүргізілетін болады, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.