Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында пробация қызметі “Есептегі тұлға” республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр

Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 15-25 мамыр аралығында “Есептегі тұлға” республикалық профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы Абай облысы ПД Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді.

Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 170-ке жуық қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға кесілген сотталғандарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерделейді. Сондай-ақ сотталушылардың жақын туыстары мен көршілері олардың мінез-құлқына әсер етіп, түзетуге ықпал етуі мүмкін.

Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың анықталған деректері бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыларға қатысты Абай облысы Семей қаласының №2 сотына тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру