Келесте егістіктен екі мотор ұрлаған күдіктілер қолға түсті
Келесте егістіктен екі мотор ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөліміне екі тұрғыннан шағым түсті. Олардың айтуынша, түнгі уақытта егістік алқаптарынан құны 80 мың теңге тұратын су тартатын екі моторын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алынды.
Хабарламаны алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар ұрлық қылмысын ашуға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, куә болған адамдардан жауап алды. Нәтижесінде бір тәулік ішінде олардың жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Анықталғандай, күдікті екеу ақылдасып, түнгі уақытта арам ойларын жүзеге асырған. Бөтеннің мүлкін арнайы орынға апарып, өткізіп жіберген. Қолды болған су тартатын екі мотор тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.