Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада заңсыз мигранттар елден күштеп шығарылды

Елордада қоғамдық орындармен көшелерде тиісті тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында “Елден шығарылатындар” атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметі бұрын Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылған, бірақ сот шешімін орындамай, Астанада заңсыз жүрген 60 шетелдік азаматты анықтады.

Полицейлер Қазақстан Республикасынан 2022 шығарылған, бірақ елден кетпей жүрген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстады. Заң бұзған шетелдік азамат, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ел аумағынан мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін 30 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Тәртіп сақшылары елден шығару туралы қаулыны орындамау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және қылмыстық заңнамаға сәйкес, жауапкершілікке алып келетіндігін атап өтті.

Елорда аумағына заңсыз келушілер мен ішкі істер органдарында тіркелмеген тәртіп бұзушыларды уақтылы анықтау мақсатында жүйелі түрде рейдтер жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы ПД-ның көші-қон қызметкерлері шетелдіктердің елордаға келуін, олардың құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын және елден уақытылы шығуын тұрақты негізде қадағалайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру