ІІМ делегациясы Корей Республикасының қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ким Гехинмен кездесті
Ішкі істер министрлігінің қазақстандық делегациясы Корей Республикасының Парламентінде болып, қауіпсіздік және мемлекеттік басқару комитетінің төрағасы Ким Гехинмен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Парламент төріндегі кездесу барысында: Корей Республикасының полициясын реформалау тәжірибесі мен полиция органдарының заң шығару бастамасының мүмкіндіктері, қылмыспен күреске және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі қауіпсіздік және мемлекеттік басқару комитеті қызметінің ерекшеліктері, сондай-ақ азаматтарды бүкіл әлем бойынша үдемелі киберқылмыстардан қорғаудың және құқық қорғау органдарын жаңғыртудың жаңа тәсілдері талқыланды.
Кездесуде тараптар полиция кадрларын даярлау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша оң тәжірибе алмасу туралы бірқатар мәселелерді талқылады. Қабылдау соңында ІІМ Алматы академиясының бастығы А.Сайтбеков Парламент комитетінің төрағасы Ким Геханға жылы лебізі мен сындарлы ұсыныстары үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ А.Сайтбеков Корея Республикасы Кенгидо провинциясы губернаторының міндетін атқарушы О.Хусокпен де кездесті. Академия бастығы Кенгидо провинциясы әкімшілігіне қонақжайлылық көрсеткені, мемлекеттік басқару органдарының қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі және осы саладағы оң тәжірибені зерделеудегі халықпен және полициямен әріптестік мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Екінші тараптан да ол біздің еліміз үшін ең көп қоныстанған және индустриалды дамыған провинция әкімшілігінің полициямен құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция кадрларын даярлау мәселелерінде өзара іс-қимыл жасаудағы Оңтүстік Кореяның тәжірибесі қызықты әрі маңызды екенін атап өтті.
Өз кезегінде О.Хусок екі ел арасындағы достықтың маңыздылығын атап өтіп, Кенгидо провинциясымен алдағы серіктестікті нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.