Таласта көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қолға түсті
Таласта көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусымда Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Борышкер” профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Қаратау қаласы көшелерінің бірінен автокөлікті масаң күйде басқарған Volkswagen Passat көлігінің жүргізушісі тоқтатылды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 42 жастағы жүргізушінің “жеңіл дәрежеде” мас күйде екендігі анықталды.
Сондай-ақ жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны үшін 2020 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.