Алматыда сұлулық салондарынан ұрлық жасап жүрген азамат қамауға алынды
Алматыда 25 жастағы жігіт сұлулық салондарын ұрлық жасап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 жастағы С.есімді азамат кемінде екі ұрлық жасады деген күдікке ілінді.
– Мамыр-1 ықшам ауданында орналасқан салонда жас жігіт келушінің сөмкесін жасырын ұрлап кеткен. Осымен тоқтап қалмай, қаскөй материалдық пайда табу мақсатында тағы бір заңсыз әрекетке барған: ол басқа сұлулық салонынан бөтен біреудің телефонын ұрлап кеткен. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Аталған дерек 188-баптың 3-бөлігімен тіркелді. Оның жеке басы қаланың басқа аудандарында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. Қазір күдікті қамауда отыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.