Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ақмолалық тұрғынның жоғалған жылқыларын тауып берді

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 сәуірде Жақсы ауданының кезекші бөліміне Астана қаласының 39 жастағы тұрғыны жүгініп, 20 сәуір күні Баяғыз ауылының маңында еркін жайылымнан 4 бас жылқы жоғалып кеткенін хабарлады.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Әдетте, көптеген иелер мал жаюдың нақты орнын, ұрлықтың уақыты мен күнін және жоғалу фактісі туралы қылмысты соңғы сәтте хабарлайтындықтан, «ізін суытпау» ашу мүмкін болмай қалады. Нәтижесінде оқиға орнына баратын полиция қызметкерлері үшін қылмыстарды ашу жұмысы күрделене түседі.

Бірнеше айдан кейін ғана Есіл ауданы Ярославка ауылының маңында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 4 бас жылқы табылды.

Мал иелері өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет. Полицейлер мал иелеріне «малшы-иесі-әкімдік» типі бойынша үшжақты шарттар жасау қажеттігін еске салады. Сондай-ақ, үй шаруашылығын нығайту, малды таңбалау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру