Ақмола облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар үшін сот отырысы өтті
Ақмола облысында ашық сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көпшілік алдында айыптау және тәрбиелеу үшін Бурабай аудандық полиция бөлімінің Н. есімді азаматқа қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою туралы ұсынысы таңдалды.
Сот отырысына бұрын сотталған және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар шақырылды.
2021 жылы Н. есімді азамат Көкшетау қаласы сотының қаулысы негізінде 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал 2023 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған санаты бойынша аудан ПБ-да есепке қойылды.
Сот отырысында Н. есімді азамат ішкі істер органдарының ескертулеріне қарамастан жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол беретіні анықталды.
Ер адам бірнеше рет және себепсіз белгіленген уақытта полицияның учаскелік пунктіне тіркелуге және профилактикалық әңгімелесуге келуден жалтарған.
Сот үкімімен отырыс залында 1 жыл 10 айға шартты түрде мерзімінен бұрын жазасын өтеудің күшін жою жарияланды.
Полиция бөлімінде көрме соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату келісімін бұзғаны және бас бостандығын шектегені үшін жауапкершілік пен нәтжелердің дәрежесін түсінетін МБЖӨ бойынша есепте тұрған басқа азаматтар үшін сабақ болады деп есептеледі.