Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Павлодар облысында 4 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полицейлері жаяу жүргіншілер мен жол-көлік құралдарының қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу бойынша мақсатты жұмыстарды жалғастыруда, жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін жауапты және белгіленген ережелер бұзылған жағдайда жазаға тартады.

Жыл басынан бері 4272 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Оның 54-і ЖКО қатысушылары болды. Онда 9 адам қаза тауып, 47-сі түрлі жарақат алды. 13 маусымда Торайғыров көшесінде бір жас жігіт қарбалас жолды кесіп өтті. Жаяу жүргінші өзінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, өтіп бара жатқан көліктерге де кедергі болды.

Біраз уақыттан кейін мұндай бұзушылық Академик Сәтбаев көшесіндегі жол бойында тіркелді. Үлкен жастағы әйел аялдамаға келе жатқан автобусты көріп, үлгеру үшін жолды қысқартуға шешім қабылдағанын түсіндіріп, жолды тиісті жерден өтпей, бұзушылыққа жол берді. Жол қозғалысы ережелерін елемейтін павлодарлықтарға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Жаяу жүргіншілерге 2 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келді (6 900 теңге).

– Жол қателерді кешірмейді. Тәуекелге бармай, бағдаршамға немесе жаяу жүргіншілер өткеліне барған дұрыс. Жолдың қиылысында зейінді және мұқият болыңыз, жолды толығымен өткенге дейін өз гаджеттеріңізге көңіл бөлмеңіз, – деп ескертеді Павлодар облысының полиция департаменті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру