Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді

Ақтөбеде шетелдік азаматтан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік полицейлері Ақтөбе станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өзбекстанның 25 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 4,88 грамм мефедрон есірткі затының 11 бумасы табылып, тәркіленді. Қаскүнем оны Ақтөбе қаласы бойынша өткізу үшін сақтаған.

– Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы (Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталған азамат Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбеттің айтуынша

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру