Қарағандыда гараждан ұрлық жасаған азамат құрықталды
Қарағандыда гараждан ұрлық жасаған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 55 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу өзіне тиесілі гаражға кіріп, ол жерден пышақ дайындайтын машина, металл шыбықтар, бұрғылау құрылғысын, автокөлік бөлшектерін және топса мен бұрандалы құлыпты ұрлап әкеткенін айтқан. Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 435 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды. Ол ұрланған заттарды ақшаға өткізбең болған.
Ағақ заттар тәркіленіп, аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.