Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіледі

Ақмолалық полицейлер браконьерлерден 3,5 шақырымнан астам ау тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілде күні Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері Қорғалжын ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шолақ көлінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында екі үрлемелі қайықтың иелерін ұстады.

Тексеру нәтижесінде полицейлер ер адамдардың жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын тыйым салынған синтетикалық ауларды пайдаланып, балық аулағанын анықтады.

Аталған дерекке қатысты ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Жиналған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру