Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер қоғам белсенділерімен бірге футбол матчында есірткіге қарсы науқан өткізді

Қостанайда полицейлер қоғам белсенділерімен бірге футбол матчында есірткіге қарсы науқан өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталық стадионда Тобыл – Атырау командалаларының кездесуі барысында ЕҚҚІҚБ қызметкерлері есірткіге қарсы науқан өткізді. Жанкүйерлерге есірткінің зияны туралы айтып қана қоймай, 1500-ге жуық буклет таратылды.

Айта кету керек, матч басталар алдында Тобылдың негізгі құрамының футболшылары алаңға “Есірткіге жол жоқ” деген жазуы бар футболкалар киіп шықты.

Бұл науқанды Қостанай ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қостанайдың жас көшбасшылары” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізді. Оның басты мақсаты – нашақорлық сияқты күрделі проблеманың алдын алу және халықтың назарын аудару болды.

– Біздің науқанымыз халқымызда байсалды өмір салты нормаларын сақтауды, өзінің мінез-құлқы мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауды және спорт пен футболдың есірткіге тамаша балама екендігін түсінуге ынталандыруға бағытталған, – деп атап өтті Қостанай қаласы ЕҚҚІҚ бөлімінің аға жедел уәкілі Әсел Сексенова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру