Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында мас күйде 10 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші анықталды

Ақмола полицейлері мас күйде 10 жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні сағат 11:51 шамасында Ерейментау АПБ кезекші бөліміне медбикеден Астана қаласының ауруханасына оң жақ жамбас мойнының сынуы диагнозымен Ерейментау қаласының 10 жасар тұрғыны жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Осы хабарламаға сәйкес, полиция қызметкерлері қыздың ата-анасынан сұхбат алған. Олар қызы үйге жақын дүкеннен қайтып келе жатқанда, оны көлік соғып кеткендігін айтқан. Тәртіп сақшылары оқиға куәгерлерін анықтады, олар ВАЗ-21012 маркалы автокөліктің жолға шығып, баланы қағып кетіп, әрі қарай жүріп кеткендігін растады.

Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 30 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншінің соқтығысуына жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалды. Сараптама тағайындалды. Дәрігердің қорытындысына сәйкес жүргізушіде «ауыр” дәрежелі алкогольдік мас болу анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру