Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері қалалық су айдындарында 9 мас адамды ұстады

Петропавл полицейлері өткен демалыс күндері қалалық су айдындарында 9 мас адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ыстық күндері Петропавл полицейлері мен ТЖД қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған бірлескен рейдтер жүргізіп жатыр. Олар қалалық жағажайда және Пестрое көліндегі демалушылармен профилактикалық әңгімелер өткізеді. Сондай-ақ назар аударарлық аймақта – Есіл өзенінің жағалаулары мен қала шегіндегі шағын су қоймалары бар.

Погон таққан адамдар еске салады: тек тексерілген, қалтқылар мен кезекші құтқарушылар қойылған арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға рұқсат етіледі. Мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынған. Өкінішке орай, барлық петропавлдықтар су қоймаларына сау күйінде демалуға келе бермейді. Мысалы, өткен демалыс күндері осындай рейдтер барысында полицейлер ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйінде болу фактілері бойынша 9 хаттама толтырды. Әрбір осындай факт қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар белгіленбеген жерлерде шомылғаны үшін 34 петропавл тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

– Жазғы демалыс кезінде судың жанында балалар мен жасөспірімдер жиі кездеседі. Олардың қауіпсіздігі — рейдтерге қатысатын ювеналды полиция қызметкерлерінің бірінші кезектегі міндеті. Кәмелетке толмағандарды белгісіз жерлерде шомылдырудың 6 фактісі анықталды, ата-аналар ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Ата-аналардан кәмелетке толмаған балалардың жазатайым оқиғалар мен ықтимал қылмыстық әрекеттер қаупінен қорғау үшін оларды бос уақытында бақылауды сұраймыз, – деді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру