Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бір күнде үш ауыл тұрғынына жоғалған малдарын тауып берді

Ақмола полицейлері бір күнде үш ауыл тұрғынына жоғалған малдарын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусымда полицияның кезекші бөліміне 34 жастағы ер адамнан 19 маусым күні Қарабұлақ ауылында еркін жайылымнан бес ірі қара мал жоғалғаны туралы арыз келіп түсті. Залал сомасы 3 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар 12 шілдеде Жарқайың ауданының 47 жастағы тұрғыны 10 шілдеде еркін жайылымнан екі жасар жылқысы жоғалып кеткенін хабарлап, тәртіп сақшыларынан көмек сұрады. Залал сомасы – 1,5 млн теңге.

15 шілдеде полицияға 49 жастағы ер адам арызданды. Оның айтуынша, қорасында тұрған айғырды белгісіз адамдар ұрлап кеткен. Залал сомасы – 1 млн теңге.

Үш фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Зардап шеккендердің барлығы малдары жоғалғанда бірден іздестіруді бастаған. Алайда нәтиже болмаған. Содан кейін ғана тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері уақыт созбай, бірден хабарлауға кеңес береді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғалған бірнеше мал табылып, иелеріне қайтарылды. Ұрлық фактісі болмағаны анықталды.

Сонымен қатар полицейлер мал иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына және автокөліктерге арналған жолдарда елеулі қауіп-қатерлерге әкелетінін атап өтті. Ақмола облыстық ПД малды қараусыз қалдырмауды және оларды уақытылы таңбалауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру