Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ҚАЖ мекемесінің аумағына тыйым салынған зат лақтырған күдіктілер ұсталды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №53 мекеменің жедел бөлімі “Допинг” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтсақ, 16 маусым күні ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімі жедел іс-шараларды жүргізу барысында, сағат 01:30 шамасында Шымкент қаласы Қапал батыр көшесі бойынан Скутер мотокөлігімен өтіп, мекеменің аумағына белгісіз заттарды лақтырған екі күдіктіні ұстаған. Оқиға орнына Еңбекші АПБ-ның жедел тергеу тобы шақырылды.

Мекеменің 101 бағана тұсынан тәркіленіп алынған бір домалақ тәріздес заттың ішінен хош иісі бар марихуана ұқсас зат және Скутер мотокөлігінің қасынан дәл осындай екінші домалақ тәріздес зат тәркіленіп алынды.

Тәркіленген заттар сот сараптамасына жолданып, ұсталған азаматтар А.Н және А.А қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру