Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ІІМ академиясының курсанттарын іріктеу жүріп жатыр

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы талапкерлер үшін өз есігін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аздаған үзілістен кейін ІІМ Алматы академиясы Қазақстан полиция қатарында тұрып, Отанына адал қызмет ету жолын таңдаған курсанттарды даярлап шығаратын болады.

17 шілдеден бастап талапкерлерді қабылдау кампаниясы іске қосылды, онда Қазақстанның әр өңірінен келген ең лайықты абитуриенттер қатысуда. ІІМ Алматы академиясына оқуға түсуге таңдау жасаған ер жігіттер мен қыздар сынақтар мен нормативтерді тапсыруды бастап кетті. Талапкерлер дене шынықтыру дайындығы мен медициналық көрсеткіштері бойынша тексеруден өтіп жатыр.

Соңғы кезеңде ҰБТ баллдары мен сынақтар нәтижелері негізінде іріктеу өткізіледі.

ІІМ Алматы академиясында атап өткеніндей, биыл ведомствалық жоғары оқу орындарының ішінде Алматы академиясы алғаш рет талапкерлерді қабылдауды жаңа форматта өткізіп отыр. Қабылдау туысқандардың тікелей қатысуымен және тәуелсіз сарапшылардың жұмылдырылуымен жүргізілуде. Сонымен бірге талапкерлерге жоғары дәрежеде барлық жағдайлар жасалды.

Мәселен, мамандандырылған «Динамо» алаңы соңғы талаптар бойынша жабдықталды – жүгіру жолақтардың сапасы кандидаттардың нормативтерді тапсыруда жақсы көрсеткіштерге ие болуларына оң әсерін береді. Талапкерлерді тіркеу күні ІІМ Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков ата-аналармен кездесу өткізді.

Диалог конструктивті өтті. Ведомства басшысы жиналған қауымның барлық сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, курсанттарды іріктеу бойынша кампания ашық, объективті және толығымен жемқорлық әрекеттеріне жол берілмеуімен қоғамның бақылауында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру